Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Чехия өз жерінде өткен хоккейден әлем чемпионатында чемпион болды

27.05.2024, 11:18

Қола жүлдегер – Швеция

Чехия өз жерінде өткен хоккейден әлем чемпионатында чемпион болды
Getty Images

Шайбалы хоккейден Чехия ұлттық құрамасы әлем чемпионы атанды.

Финалда айдын қожайындары Швейцариямен ойнап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы екі кезеңде нәтиже өзгермей, тек үшінші периодта Пастрняк есеп ашып, командасын алға шығарды. Ал, 59-минутта Кемпф шайбаны қақпаға дәл бағыттап, жеңісті еселей түсті. Осылайша Чехия әлем чемпионатының үздігі болып отыр. 

Бұл шайбалы хоккейден чехтардың иеленген алтыншы чемпиондығы. Аталған құрама 1996, 1999, 2001, 2005, 2010, 2024 жылдары әлем үздігі атанған еді. Ал Швейцария құрамасы төртінші рет әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті.

Үшінші орын үшін өткен бәсекеде Канада Швецияға жол берді. Осылайша әлем чемпионатының барлық жүлдесін еуропалық құрамалар иеленді. Қола жүлде үшін өткен матч 4:2 есебімен аяқталды. Есепті швейцариялық Грундстрем 12-минутта ашса, екінші таймның басында Канада ойыншысы Козенс есепті теңестірді. Ал, 44-минутта Канада алға шығып, Дюбуа шайба соққан еді. Алайда 49-минутат Карлссон, 53-минутта Грундстрем, 59-минутта Юханссон мергендігімен көзге түсіп, есепті 4:2-ге жеткізді.

Хоккейден келесі әлем чемпионаты 2025 жылы Швецияда өтеді. Мамыр айының 9-25 күндері өтетін сында Қазақстан В тобында өнер көрсетеді. Бұл себетте Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Венгрия құрамалары бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам