Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Қазақстан спортшысы елдің азаматтығынан бас тартып, Ресейге ауысты

20.08.2024, 17:24

Логвин «Барыс» хоккей клубының балалар-жасөспірімдер мектебінің түлегі

Қазақстан спортшысы елдің азаматтығынан бас тартып, Ресейге ауысты
"Барыс" ХК

Астананың «Барыс» клубының шабуылшысы Всеволод Логвин азаматтығын ауыстырды. Ол Қазақстанның көк төлқұжатынан бас тартып, Ресей Федерациясының азаматы атанды. Бұл туралы Құрлықтық хоккей лигасының сайтында жазылған. 

Логвин «Барыс» хоккей клубының балалар-жасөспірімдер мектебінің түлегі. Өткен маусымда Андрей Скабелканың қарамағында негізгі құрамда ойнады. Ойыншы 24 матчта екі рет мергендік танытты. 

Маусымның екінші жартысында Логвин мұхиттың арғы жағында өнер көрсетті. Американың «Три-Сити Сторм» командасында ойнаған. USHL чемпионатында 24 матчта 13 (6 гол, 7 нәтижелі пас) ұпай жинады. 

Осы ретте Өскеменнің «Торпедо» клубының вице-президенті Юрий Петухов Sports.kz тілшісіне пікір білдірді.

«Жергілікті хоккейшілердің Ресей клубтарына ауысуы, азаматтықтан бас тартуы таңқаларлық жағдай. Ресейде қазір жағдай мәз емес екеніне қарамастан кетіп жатыр. Бәлкім спортшы бір перспектива көрген болар. Бұл оның таңдауы», - дейді маман.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам