“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Қазақстан хоккейден Олимпиаданың жалғыз жолдамасына таласады

22.08.2024, 22:13

Жалғыз жолдамаға Қазақстаннан бөлек Словакия, Австрия және Венгрия таласады

Қазақстан хоккейден Олимпиаданың жалғыз жолдамасына таласады
olympic.kz

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиадаға іріктеу турнирінің финалдық кезеңіне дайындықты жалғастырып жатыр.

Ертең команда Чехияға аттанады. Бапкерлер құрамы турнирге қатысатын команда құрамын жариялады:

Қақпашылар: Никита Бояркин («Барыс»), Максим Павленко («Рязань-ВДВ»), Андрей Шутов («Слован»).

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр («Барыс»), Дмитрий Бреус («Торпедо»), Леонид Метальников («Адмирал»), Эдуард Михайлов («Арлан»), Валерий Орехов («Металлург»), Иван Степаненко («Хумо»).

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Александр Борисевич, Дінмұхамед Қайыржан, Максим Мухаметов, Руслан Оспанов, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Роман Старченко («Барыс»), Руслан Демин («Сарыарқа»), Артем Лихотников («Хумо»), Кирилл Панюков («Амур»), Евгений Рымарев («Юнисон»), Аркадий Шестаков («Адмирал»), Никита Михайлис («Металлург»).

Бапкерлер құрамы:

Бас бапкер — Олег Болякин

Бапкерлер: Георгий Верещагин, Талғат Жайлауов, Павел Бессонов.

Айта кетейік, Қазақстан Словакияда 2026 жылғы Олимпиада жолдамасын сарапқа салады. Қарсыластары – Словакия, Австрия және Венгрия. Жолдама тек біреуіне беріледі.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам