Астаналық команда 12 ойынның 10-да жеңіліп қалған
Құрлықтық хоккей лигасының 12-ші туры аясында Астананың «Барысы» сырт айдында «Спартакпен» кездесіп, 2:4 есебімен жеңіліп қалды.
Алғашқы екі кезеңнен кейін астаналықтар 0:3 есебімен жеңіліп жатқан. Алайда, үшінші кезеңде қатарынан екі гол соғып, ойынды құтқаратын мүмкіндікке ие болды. Осы мүмкіндікті пайдалану үшін ойын соңында «Барыс» бапкері Вячеслав Буцаев қақпашыны алтыншы ойыншыға алмастырған болатын. Бірақ, мәскеулік команда қақпаның бос қалғанын ұтымды пайдаланып, төртінші шайбасын соқты.
«Спартак» сапынан Адам Ружичка (8-минут), Егор Чезганов (26), Андрей Миронов (32) және Иван Морозов (58-я) гол соқты. Ал, «Барыстан» Даниил Апальков (38) пен Антон Бурдасов (51) көзге түсті.
12 матчта он рет жеңілген астаналық команда турнир кестесінің ең соңғы сатысында тұр. Келесі ойын Омбыда 5 қазанда «Авангардпен» өтеді.