Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Барыс» уыста тұрған жеңістен айрылып, тағы да ұпай жоғалтты

07.10.2024, 21:25

«Барыс» барлығы 14 ойынның 12-де жеңілген

«Барыс» уыста тұрған жеңістен айрылып, тағы да ұпай жоғалтты
Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында Астананың «Барысы» Екатеринбургте жергілікті «Автомобилистпен» кездесіп, тағы да жеңіліп қайтты.

Бірінші кезеңде астаналықтар қатарынан екі шайба соғып, өз қақпасына бір гол жіберіп алған. Екінші кезеңде мүлдем гол соғылған жоқ. Ал, ойынның шешуші үшінші бөлігінде «Барыс» тағы бір шайба соғып, 3:1 есебімен алға шыққан болатын. Алайда, «Автомобилист» артынша қақпаны қатарынан үш рет дәл көздеді. Қорытынды есеп – 4:3, айдын иелерінің пайдасында.

Голдар:

  • 0:1 — 08:44 Мухаметов.
  • 0:2 — 10:23 Маклауд (Сетдиков).
  • 1:2 — 14:40 Эберт (Голышев, Мэйсек).
  • 1:3 — 46:33 Бочаров (Маклауд).
  • 2:3 — 46:59 Кизимов (Кузнецов, Трямкин).
  • 3:3 — 52:38 Голышев (Эберт, Да Коста).
  • 4:3 — 54:28 Лайпсик (Бывальцев, Да Коста).

Осылайша, «Барыс» барлығы 14 ойынның 12-де жеңілді. Келесі матчты елордалық команда 10 қазанда өз айдынында «Авангардқа» қарсы өткізеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам