Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Ғалым Мәмбеталиев «Барысқа» оралады

17.10.2024, 16:08

«Барыс» басшылығы жаңа жоспар құрған

Ғалым Мәмбеталиев «Барысқа» оралады
ҚХФ

«Головой Об Лед» телеграм-парақшасы Астананың «Барыс» клубының бапкерлер штабында өзгеріс болатынын алға тартты.

«Инсайдерлік ақпарат бойынша, «Барыс» басшылығы жанкүйерлердің жүрегін жаулауға болатын жоспар құрды, бұл – «Номадтың» қазіргі бапкері Ғалым Мәмебалиевті бас бапкердің көмекшісі етіп тағайындау. Идея авторлары осылайша бапкер Вячеслав Буцаевтің жолы болмаған жағдайда, оны кепілдік ретінде қолданбақ. Яғни орнын басатын адам үнемі қасында болмақ. Ал Ғалым Баубекұлын қазір қоюдың тәуекелі жоғары», - деп жазды дереккөз.

Айта кетейік, «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қорының шешімімен Нұрлан Оразбаев «Барыстың» бас директоры болып тағайындалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам