Екі ойыншы да бес минуттық айыппен жазаланды
Құрлықтық хоккей лигасы аясында елорданың «Барыс» пен Нижнекамскінің «Нефтехимик» клубтары арасында өткен матчтың үшінші кезеңінде жанкүйер төбелеске куә болды.
«Барыс» шабуылшысы Әлихан Әсетов «Нефтехимик» қорғаушысы Владислав Леонтьевтің күшін байқап көрді. Нәтижесінде екі ойыншы да бес минуттық айыппен жазаланды.
Бұл кездесу астаналықтардың жеңісімен аяқталды. Алғашқы кезеңде қонақтар мергендік танытса, екінші кезеңде Кирилл Савицкий таразы басын теңестірді. Алайда үшінші кезеңде де, овертаймда да гол соғылған жоқ. Ал буллиттер сериясында «Барыстың» мерейі үстем болды.
5 қараша күні «Барыс» өз айдынында Қазанның «Ак Барс» клубын қабылдайды.