"Қайраттың" чемпиондығына күмән. Мазақ болған "Астана". Өтірік сөйлеген депутат – ҚПЛ-дің соңы

Қазақстан хоккейшілері Азия чемпионатында Кореядан жеңіліп қалды

06.11.2024, 23:46

Енді Қытаймен және Жапониямен ойындар күтіп отыр

Қазақстан хоккейшілері Азия чемпионатында Кореядан жеңіліп қалды
Қазақстан хоккей федерациясы

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының алғашқы матчында Оңтүстік Кореядан жеңіліп қалды.

Бұл турнир тарихта тұңғыш рет өтіп отыр. Алматыға Оңтүстік Корея, Жапония және Қытай құрамалары келген. Сары құрлықтың алғашқы жеңімпазы айналымдық жүйе бойынша анықталады.

Қазақстан құрамасын Олег Болякин баптайды. Азия чемпионатына «Барыс» пен ҚХЛ-да ойнайтын ешбір клубтың ойыншысы қатыса алмайды. Себебі ол жақта халықаралық үзіліс қарастырылмаған. ҚХЛ-дан тек «Торпедо» қорғаушысы Дмитрий Бреус келген.

Осылайша өз елімізде өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы матчында Оңтүстік Кореядан 1:4 есебімен йсырай жеңілдік.

0:1 - Ин Гуо Ох (Сеунг Джае Ли, Хюн Сеун Ли) - 20:56 

1:1 - Александр Борисевич (Дмитрий Преснов) - 23:51 

1:2 - Хо Хюн Джеонг - 34:46 

1:3 - Юн Сеок Кан - 58:03 

1:4 - Юн Сеок Кан - 59:00 

8 қарашада Қазақстан Қытаймен кездеседі. Олар алғашқы ойында Жапониядан ұтылды, есеп – 1:4. Ал 10 қарашада Қазақстан мен Жапония өзара кім мықтыны анықтайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам