Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Хоккейден Қазақстан құрамасы Қытайды тас-талқан етіп ұтты

08.11.2024, 21:57

Соңғы матч Жапония құрамасына қарсы өтеді

Хоккейден Қазақстан құрамасы Қытайды тас-талқан етіп ұтты
icehockey.kz

Алматыда өтіп жатқан хоккейден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Қытайды 6:1 есебімен ойсырата жеңді.

Қазақстан сапынан қорғаушы Дмитрий Бреус хет-трик авторы атанса (17, 51 және 57-минуттар), Андрей Буяльский (31), Дмитрий Гренц (45) және Евгений Королинский (46) бір-бір голдан соқты. Ал, Қытай құрамасы сапынан Чжэн Минцзюй (27) көзге түсті.

Еске салайық, Азия чемпионатын Қазақстан құрамасы сәтсіз бастады. Бірінші матчта Болякин шәкірттері Оңтүстік Корея құрамасынан 1:4 есебімен жеңіліп қалған.

Енді топтағы соңғы ойын Жапонияға қарсы өтеді. Жапондар алғашқы екі матчта да жеңіске жетті. Алдымен Қытайды 4:1 есебімен ұтса, артынша Оңтүстік Кореяны 5:2 есебімен тізе бүктірді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам