«Барыс» 2025 жылғы алғашқы ойында ойсырай жеңілді

7 қаңтар күні «Барыс» екатеринбургтік «Автомобилисті» қабылдайды

hcbarys.kz
hcbarys.kz

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы 2025 жылғы алғашқы матчында өз алаңында «Ладамен» кездесті.

Ғалым Мәмбетәлиев мына құрамды алаңға шығарды: Бояркин (Шутов) — Бекетаев-Хохлов, Сетдиков-Николишин-Савицкий; Королёв-Данияр, Асетов-Өмірбеков-Бурдасов; Гайтамиров-Антипин, Бочаров-Логвин-Панюков; Диханбек-Бутенко, Оспанов-Рахманов-Қайыржан.

Бірінші кезеңде қонақтар 3:0 есебімен жеңіске жетсе, одан әрі олар ірі есеппен жеңісті толықтыра түсті — 5:0.

Айта кетейік, 7 қаңтар күні «Барыс» өз алаңында екатеринбургтік «Автомобилисті» қабылдайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам