Әкімдік «Ақтөбе» клубын қаржыландырмайтын болды

1 мин оқу
Telegram WhatsApp

Команда биыл жабылуы әбден мүмкін

"Ақтөбе" ХК
"Ақтөбе" ХК

«Ақтөбе» хоккей клубы енді мемлекет тарапынан қаржыланбайтын болды. Бұл туралы Shaiba.kz сайты жазды. 

Дереккөздің мәліметінше, «Ақтөбе» осы маусымды аяқтап, әрі қарай лигада өнер көрсетпейді. Редакцияға Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасынан жергілікті хоккей федерациясына ресми хат келіп түскен.

«Ақтөбе облысы мәслихаты сессиясының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 187 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен Ақтөбе облысынан ерлер хоккей командасын қаржыландырмау бекітілген. Ал 2024-2025 жылға маусымға облыстық бюджеттен 286 104 038 теңге бөлінген», - делінген аталған хатта.

«Ақтөбе» биыл лигада 34 ойында 35 ұпай жинап, Pro Hokey League турнирлік кестесінде жетінші орында тұр.

Материалда:

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 52 675 қаралым Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 184 қаралым Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 442 қаралым Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 496 қаралым Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 262 қаралым Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 151 қаралым Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 260 қаралым Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 786 қаралым Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 493 қаралым Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 305 қаралым Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 289 қаралым Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 458 қаралым