Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қысқы Универсиадада Қазақстанның хоккейші қыздары АҚШ-тан ойсырай жеңілді

20.01.2025, 09:50

Ерлер құрамасының да жағдайы аса мәз емес

Қысқы Универсиадада Қазақстанның хоккейші қыздары АҚШ-тан ойсырай жеңілді
fisu.net

Италияда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында Қазақстанның қыздар құрамасы АҚШ-тан ойсырай жеңілді, есеп – 2:8.

Қазақстан құрамасынан Александра Шегай (4-минут) мен Екатерина Куценко (30) гол соқса, америкалық команда сапынан Бриэль Фасси (1, 49), Сидни Полсен (12), Джулия Линдал (15), Эллисон Грин (28), Келси Свонсон (47), Райя Ванденбуше (47) және Хейли Батлз (60) көзге түсті.

Топтық кезеңде Қазақстан қыздары Жапония (0:10), Чехия (1:11) және АҚШ-тан (0:5) жеңіліп, плей-офф кезеңіне шыға алмай қалған. Ал, жұбаныш кезеңінде Қытайлық Тайбэйді 4:3 есебімен жеңді.

Ерлер құрамасының да жағдайы мәз емес. Соңғы матчта Словакиядан ұтылған Қазақстан студенттері енді 5-8 орындар үшін таласады.

Қысқы Универсиада ойындары Италияның Турин қаласында өтіп жатыр. Барлығы 43 елден келген 1400-ден астам спортшы спорттың 11 түрі бойынша бағын сынауда.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам