Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық хоккейшілер анықталды

05.05.2025, 17:15

Хоккейшілер 6 мамыр күні Словенияға қарсы ойнайды

Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық хоккейшілер анықталды
ҚХФ

Қазақстан құрамасы Швецияға аттанды. Онда хоккейшілер 6 мамыр күні Словенияға қарсы жолдастық матч өткізеді.

Ал 7 мамырда команда Данияның Хернинг қаласына жетіп, әлем чемпионатына қатысады.

Бапкерлер штабы алдағы турнирге қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. Қорытынды тізімге 25 хоккейші енді.

Қақпашылар: Желал-ад-Дин Әмірбеков («Магнитка», Магнитогорск, Бүкілресейлік хоккей лигасы), Сергей Кудрявцев («Арлан», Көкшетау), Максим Павленко («Рязань – ВДВ», Рязань, Бүкілресейлік хоккей лигасы)

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамерлан Гайтамиров, Артём Королёв (барлығы — «Барыс», Астана, ҚХЛ), Дмитрий Бреус («Торпедо», Нижний Новгород, ҚХЛ), Леонид Метальников («Адмирал», Владивосток, ҚХЛ), Эдуард Михайлов («Арлан», Көкшетау), Валерий Орехов («Металлург», Магнитогорск, ҚХЛ).

Шабуылшылар: Алихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Батырлан Мұратов, Максим Мұхаметов, Алихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Роман Старченко (барлығы — «Барыс», Астана, ҚХЛ), Владимир Волков («Арлан», Көкшетау), Вячеслав Колесников («Номад», Астана), Артём Лихотников («Хумо», Ташкент), Никита Михайлис («Металлург», Магнитогорск, ҚХЛ), Евгений Рымарев («Юнисон», Мәскеу, Бүкілресейлік хоккей лигасы), Аркадий Шестаков («Адмирал», Владивосток, ҚХЛ).

Бас бапкер: Олег Болякин

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам