
Бұған дейін қос құрама бес мәрте жолыққан
2025 жылғы шайбалы хоккейден әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан құрамасы Словениямен жолдастық кездесу өткізді. Матч Швецияның Уппсала қаласында өтіп, Словения құрамасының сенсациялық жеңісімен аяқталды – 3:2.
Кездесудің алғашқы бөлігінде қазақстандық хоккейшілер айқын басымдық көрсетті. Кирилл Панюков 21-минутта есеп ашса, араға он минут салып Аркадий Шестаков есепті 2:0-ге жеткізді. Алайда, ойын тағдыры екінші және үшінші кезеңде шешілді. Словениялық хоккейшілер намысты қолдан бермей, қатарынан үш шайба соғып, матчты өз пайдасына аяқтады. Бұл голдардың авторлары – Филип Ситар (37-минут), Матич Торок (44-минут) және Рок Капел (53-минут).
Бұған дейін қос құрама бес мәрте жолыққан. Оның үшеуінде Қазақстан жеңіске жетсе, екі ойында Словения үстем түскен.
Қазақстан құрамасы енді 7 мамырда Данияның Хернинг қаласына аттанады. Мұнда олар В тобында өнер көрсетеді. Қарсыластары – Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. Алғашқы кездесу 10 мамыр күні Норвегияға қарсы өтеді. Ойын Астана уақытымен 15:20-да басталады.
Словения құрамасы болса, Стокгольмде А тобында бақ сынайды. Олар Канада, Швеция, Швейцария, Словакия, Латвия, Австрия және Франция командаларымен кездеседі.