Ойын тағдыры булиттер сериясында шешілді
Қатарынан төрт матч жеңілгеннен кейін Астананың «Барысы» ҚХЛ фавориттерінің бірі – «Салават Юлаевты» жеңіп, турнир кестесінде бір сатыға жоғарылады.
«Барыс Аренада» өткен ойынның тағдыры буллиттер сериясында ғана шешілді. Бірінші кезеңде «Барыс» есеп ашып, жанкүйерлерін бір қуантса, екінші кезең басталғанда есепті еселей алды. Десе де, екінші период соңында уфалық «Салават Юлаев» бір шайбамен көзге түсіп, командалар үшінші кезеңге 2:1 есебімен тарқасты. Шешуші кезеңде қонақтар сапынан Дроздов көзге түсіп, матчтың негізгі бөлігі тең аяқталған.
Овертаймда қос команда гол соға алмады. Ал, буллиттер сериясында астаналық команда қарсыласынан айласын асырып, жеңілістер сериясын үзді.
Шығыс дивизионында «Салават Юлаев» қазір үшінші келеді. Ал, «Барыс» бүгінгі жеңістен кейін соңғы 12-орыннан 11-орынға көтерілді. Десе де, соңғы орында тұрған «Адмиралдың» астаналық клубтан бір ойыны артық.