Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

«Барыс» қатарынан төртінші рет жеңілді

15.01.2024, 23:58

Олег Болякин шәкірттері турнир кестесінің соңғы орнында келеді

«Барыс» қатарынан төртінші рет жеңілді
Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры аясында астаналық «Барыс» өз айдынында Тольяттидің «Ладасын» қабылдап, ірі есеппен жеңілді.

Матчтың бірінші кезеңі аса тартысты болды деп айта алмаймыз. Қос команда қауіпті шабуылдармен алмасқанымен, период соңында қонақтар бір шайбамен ғана көзге түсті. Ал, екінші кезеңде «Барыстың» қақпасына тағы екі шайба кіріп, есеп 0:3-ке жетті. Ойынның шешуші үшінші бөлігінде астаналықтар да, Ресейден келген хоккейшілер де дәл соққымен көзге түскен жоқ.

Осылайша, «Барыс» Шығыс конференциясында соңғы 12-орында қала берсе, «Лада» плей-офф зонасында.

Айта кету керек, бұл астаналық команданың қатарынан болған төртінші жеңілісі. Келесі матчты Олег Болякин шәкірттері өз айдынында «Салават Юлаевқа» қарсы өткізеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам