Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Канвон-2024: қазақстандық хоккейшілер екінші жеңісіне қол жеткізді

22.01.2024, 15:51

Алда тағы екі матч бар

Канвон-2024: қазақстандық хоккейшілер екінші жеңісіне қол жеткізді
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында хоккейден Қазақстан командасы (3х3 форматында) екінші рет жеңіске жетті.

Отандық шайба шеберлері бұл сында Тайбэйден келген қарсыластарын 14:2 есебімен жеңіп, топтық кезеңдегі тиісті ұпайына қол жеткізді. Алда жас хоккейшілеріміз Испания мен Ұлыбританияға қарсы ойын өткізеді.

Айта кетейік, бұған дейін біздің құрама үш ойын қатарынан жеңілген болатын. Атап айтқанда, Австрия, Латвия және Дания командаларына жол берді. Оның алдында поляктардың жасөспірімдер құрамасын жеңдік.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам