Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Еркебұлан Тоқтар келесі жекпе-жегінің уақытын жариялады

04.02.2026, 21:53

Бұған дейін ол бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізген.

Еркебұлан Тоқтар келесі жекпе-жегінің уақытын жариялады
©instagram.com/erkebulan_toktar

Қазақстандық актер әрі ММА шебері Еркебұлан Тоқтар алдағы жекпе-жегіне дайындықты бастап кеткенін мәлімдеді.

Танымал файтер әлеуметтік желідегі парақшасында АҚШ-тың Майами қаласындағы бокс залында жаттығу бастағанын жариялады. Аталған залда Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуа секілді әлемдік бокс жұлдыздары дайындықтан өткен.

«Достар, бүгін жаттығудың алғашқы күні. Осы залға келіп, дайындықты бастадым. Мұнда Энтони Джошуа, Тайсон Фьюри сияқты мықты боксшылар жаттығады, қысқасы, топ деңгейдегі спортшылардың ордасы. Бүгіннен бастап мен де осында жаттығамын. Алға!» - деді Еркебұлан Тоқтар Instagram желісінде жарияланған видеосында.

Ал қазақстандық файтердің келесі жекпе-жегі қоян-қолтық ұрыс ережесі бойынша өтеді. Айқас 28 наурыз күні Армения астанасы Ереванда ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Тоқтардың соңғы жекпе-жегі бокс ережесімен өткен болатын. 26 желтоқсанда Ташкенттегі «Хумо Аренада» өткен кездесуде қазақстандық файтер жергілікті спортшы Тимур Никулинді алғашқы раундта-ақ нокаутпен жеңген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам