Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

UFC: қазақстандық файтер қарсыласын алғашқы раундта нокаутпен жеңді

08.02.2026, 12:31

Ол алғаш рет жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады.

UFC: қазақстандық файтер қарсыласын алғашқы раундта нокаутпен жеңді
LFA©

Қазақстандық файтер Николай Веретенников UFC-дегі кезекті жекпе-жегінде америкалық Нико Прайсты бірінші раундта нокаутпен жеңді. 

36 жастағы отандасымыз айқасты 1 минут 42 секундта аяқтады.

Веретенников UFC-де алғаш рет мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұл нәтижеден кейін оның үздік лигадағы рекорды - 2-3. Ал ММА-дегі көрсеткіші - 14-7 болды. Нико Прайс қатарынан үшінші рет жеңіліс тапты (UFC-дегі есебі - 8-10, ММА-дегі рекорды - 16-10).

Айта кетерлігі, Николай бұл жекпе-жекке небәрі үш апта қалғанда шақырту алған. Соған қарамастан сенімді түрде жеңіске жетіп, UFC-ден тағы төрт айқасқа келісімшарт ұсынылды. Бұған дейінгі келісімі үш жеңіліспен аяқталған еді.

Бастапқыда UFC Vegas 113 турнирінің кардында бразилиялық Жозе Энрике Соуза мен америкалық Эрик Ноланның жекпе-жегі өтуі керек еді. Алайда Веретенников Ноланның орнына шықса, кейін Соузаның орнын Нико Прайс басты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам