Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Бөлшектеп жіберемін»: Еркебұлан Тоқтар қазақ қыздарына тіл тигізген ресейлік стримерлерге сес көрсетті

09.02.2026, 17:44

Қазір олар қамауда. 

«Бөлшектеп жіберемін»: Еркебұлан Тоқтар қазақ қыздарына тіл тигізген ресейлік стримерлерге сес көрсетті
instagram.com/erkebulan_toktar/

Қазақстанға келген шетелдік стримерлердің басы дауға қалды. Тікелей эфир барысында олар қазақстандық қыздарды қорлайтын пікірлер айтып, сол сәттің видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

Жазба қоғамда қызу талқыланып, желі қолданушыларының қатаң сынына ұшырады.

Осыған байланысты Алматыда ресейлік стримерлер Анар Абдуллаев пен Ренат Пашаев (Ренатко) ұсталып, «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Аталған жағдайға қатысты дау әлі басылған жоқ. Көпшілік стримерлер қазақстандықтардан ресми түрде кешірім сұрауы тиіс деп санайды.

Ал Threads платформасында этникалық әзербайжандар қазақстандықтарға қолдау білдіріп, болған жағдай үшін кешірім сұрап жазып жатыр.

Бұл оқиғаға қазақстандық аралас жекпе-жек шебері әрі актер Еркебұлан Тоқтар да үн қосты. Спортшы алдымен қазақ тілінде үндеу жасап, кейін ресейлік стримерлерге орыс тілінде тікелей жүгінді.

«Жігіттер, мұндай жағдай менің елімде, менің жерімде тағы қайталанса, сендерді қол жүгімен аттандырамын. Бөлшектеп жіберемін. Сөз беремін», – деді ол.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам