Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Шавкат Рахмонов операциядан кейін жаттығуға кірісті

Бүгін, 12:33

Файтер тізесіне операция жасатқан

Шавкат Рахмонов операциядан кейін жаттығуға кірісті
Видеодан кадр

Қазақстандық танымал UFC жауынгері Шавкат Рахмонов әлеуметтік желіде операциядан кейінгі жаттығу процесін көрсетті.

Шавкат Instagram парақшасында тізесіне жасалған екінші отадан кейінгі жаттығу сәттерін жариялады.

Белгілі болғандай, спортшының тізе жарақаты бірнеше жылдан бері мазалап келген. Соған қарамастан, ол UFC-дегі бірнеше кездесуін осы жарақатпен өткізіп, жеңіске жеткен.

Алайда 2024 жылдың желтоқсанынан кейін Шавкат октагонға қайта шыға алмады. 2025 жылдың мамырында алғашқы ота жасатса, 2026 жылдың басында екінші рет операциядан өтті.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай операциядан кейінгі оңалу кезеңі ем-домның ең маңызды бөліктерінің бірі саналады. Мамандар спортшыларға кемінде алты ай бойы қалпына келу бағдарламасын қатаң сақтап, жүктемені біртіндеп арттыруға кеңес береді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам