Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Шавкат Рахмоновтың салмағындағы экс-чемпион ауыр нокаутқа түсті

Бүгін, 10:16

Джек Делла Маддалена бразилиялық Карлос Пратеспен кездесті

Шавкат Рахмоновтың салмағындағы экс-чемпион ауыр нокаутқа түсті
Getty Images

UFC-дің жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпионы Джек Делла Маддалена UFC Fight Night 275 турнирінде бразилиялық Карлос Пратеспен кездесті.

77,1 келіге дейінгі салмақта өткен жекпе-жек Пертте (Аустралия) ұйымдастырылған кештің басты айқасы болды. Кездесуге Делла Маддалена дивизион көшбасшысы ретінде шықса, Пратес рейтингтің бесінші сатысында тұрған еді. Бес раундқа жоспарланған айқас толық уақытқа созылған жоқ. Үшінші раундта Карлос Пратес техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Осылайша, Карлос Пратес UFC-дегі қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізсе, Джек Делла Маддалена екінші рет қатарынан жеңіліп отыр.

Еске салайық, 29 жастағы аустралиялық файтер UFC чемпионы атағын 2025 жылдың мамыр айында Белал Мұхаммадты төрешілер шешімімен жеңген. Сол кезде ол жарақатына байланысты айқастан шығып қалған қазақстандық Шавкат Рахмоновтың орнына шыққан болатын.

Алайда Маддалена чемпиондық белбеуден 2025 жылдың қарашасында айырылды. Ол кезде ресейлік Ислам Махачевпен өткен бес раундтық жекпе-жекте дағыстандық файтер толық басымдық танытып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам