ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Ақша табуға мүмкіндік»: Асу Алмабаев алдағы жекпе-жегі туралы ашық айтты

25.06.2026, 11:30

Қазақстандық UFC файтері алдағы жекпе-жегіне қатысты болжам жасады

«Ақша табуға мүмкіндік»: Асу Алмабаев алдағы жекпе-жегі туралы ашық айтты
әлеуметтік желі

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев америкалық Чарльз Джонсонға қарсы өтетін жекпе-жек алдындағы көңіл күйі мен дайындығы туралы айтты.

Аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы алдағы айқасқа тыңғылықты дайындалғанын жеткізді.

«Көңіл күйім жақсы. Жекпе-жек берілгені әрқашан қуантады, өйткені аздап табыс табуға мүмкіндік болады. Бұл айқасқа өте байыпты дайындалдық. Соңғы жекпе-жегімнен кейін 4-5 оқу-жаттығу жиынын өткіздім. Барлық бапкерлерімді жұмысқа қостым, сондықтан дайындығыма сенімдімін.

Чарльз Джонсон — жақсы файтер, мықты атлет, физикалық тұрғыда өте қуатты қарсылас. Мен жан-жақты спортшымын. Әрине, менің басты қаруым — күрес. Бірақ аяқпен де, қолмен де жақсы соққы жасай аламын. Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілікті сезінемін. Дегенмен адам өзін артық оймен ауырлатпауы керек, өйткені ондай жағдайда жекпе-жек қиындай түседі. Менің ойымша, мүмкіндік 50 де 50», — деді Алмабаев UFC баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Еске салайық, Асу Алмабаев пен Чарльз Джонсон арасындағы жекпе-жек 27 маусым, сенбі күні Әзербайжан астанасы Бакуде өтетін UFC Fight Night турнирінің негізгі кардында өтеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам