Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ислам Махачев Иан Грриді үшінші раунд соңына жеткізбей жеңуге уәде берді

Бүгін, 10:58

Махачев пен Гэрри жекпе-жегі 5 раундқа жоспарланған

Ислам Махачев Иан Грриді үшінші раунд соңына жеткізбей жеңуге уәде берді
Getty Images

UFC-де жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы ресейлік Ислам Махачев 15 тамызда ирландиялық Иан Гэрримен жекпе-жек өткізіп, титулын қорғауы тиіс. Әйгілі файтер бұл кездесудің соңы немен аяқталатынын болжады.

«Мен әлемдегі ең мықты файтермін, бірақ мен өз атымды енді тарихта қалдырғым келеді. Анедрсон Силваның рекордын бұзу үшін мен Иан Гэрриді жеңуім керек. Бұл менің UFC-дегі 17-ші жеңісім болып шектелмейді, жеңістер саны одан көп болады.

Иан – жаңа дәуірдің өкілі. Ол аш, ол UFC чемпионы болғысы келеді. Бірақ, менің одан басым тұстарым көп, өйткені мен әлемдегі ең үздік файтермін. Мұны мен жекпе-жекте дәлелдеймін. Оған қысым жасаймын, ұстап алып түрлі әдіс жасаймын, жібермеймін, ақыры жеңіске жетемін. UFC 330 турнирінде мен Иан Гэрриді үшінші раунд соңына жеткізбеймін», - деді Махачев UFC ұйымының ресми YouTube-каналында.

Еске салайық, UFC 330 турнирі Қазақстан уақытымен 15 тамыздан 16-на қараған түні болады. Махачев пен Гэрри жекпе-жегі 5 раундқа жоспарланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам