Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстандық ММА файтері төрт жылға спорттан шеттетілді

04.08.2026, 16:35

Оның сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталған

Қазақстандық ММА файтері төрт жылға спорттан шеттетілді
instagram/aidyn__tolepbayev

Қазақстандық ММА шебері Айдын Төлепбаев допингке байланысты төрт жылға дисквалификация алды.

Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) спортшыны допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін кінәлі деп таныды. Оның сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталған.

Допинг-сынама 2024 жылы Индонезияның Бантен қаласында өткен GAMMA әлем чемпионатында алынған. 2025 жылдың наурызынан бері Төлепбаев тергеу аяқталғанға дейін уақытша шеттетілген болатын. Ол антидопинг ережесін бұзғанын даулаған жоқ.

Нәтижесінде қазақстандық спортшы 2025 жылдың 3 наурызынан 2029 жылдың 2 наурызына дейін төрт жылға жарыстардан шеттетілді.

Сонымен қатар 2024 жылдың 14 желтоқсанынан 2025 жылдың 3 наурызына дейінгі барлық нәтижесі жойылды. Осылайша, Төлепбаев GAMMA әлем чемпионатында жеңіп алған алтын медальдан айырылды.

Дегенмен бұл шешім әлі түпкілікті күшіне енген жоқ. Қазақстандық файтердің шешімге қарсы Court of Arbitration for Sport ұйымына шағымдануына мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, Айдын Төлепбаев – ММА-дан Қазақстан және Азия чемпионы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам