ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Еркебұлан Тоқтар Астанада өзбекстандық әлем чемпионымен кездеседі

11.08.2026, 19:14

Екі спортшы екінші орта салмақта кәсіби бокс ережесі бойынша кездеседі

Еркебұлан Тоқтар Астанада өзбекстандық әлем чемпионымен кездеседі
instagram.com/nomadfighting

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар 28 тамызда Астанада өтетін International Boxing Day турнирінде кезекті жекпе-жегін өткізеді.

Еркебұлан Тоқтардың қарсыласы – Өзбекстаннан шыққан муай-тайдан әлем чемпионы Бобиржон «Испанчик» Исроилов. Екі спортшы екінші орта салмақта кәсіби бокс ережесі бойынша кездеседі.

Бұл Еркебұлан Тоқтардың Артём Тарасовпен жекпе-жегінен кейінгі алғашқы айқасы болмақ.

Кездесу 28 тамызда Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өтеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам