UFC басшысы Дана Уайт белгілі файтерлер Усман Нурмагомедов пен Мераб Двалишвили арасындағы төбелеске қатысты пікірін білдірді.
Еске салайық, Абу-Дабидегі қонақ үйлердің бірінде дағыстандық файтер Усман Нурмагомедов командаластарымен бірге грузин Мераб Двалишвилиді джабылып соққыға жыққан болатын. Төбелес салдарынан Мерабтың досы досы Саба Лазишвили де жарақаттар алған.
«Бұл – барып тұрған ақымақтық және бассыздық. Олардың бәрі қазір түрмеде отыр. Мұндай орында төбелесуге болмайтыны айтпаса да түсінікті емес пе?!» - деді Уайт. Оның бұл мәлімдемесі X әлеуметтік желісіндегі Championship Rounds парақшасында жарияланған.
Біріккен Араб Әмірлігінің полициясы төбелеске қатысқан екі тараптың да өкілдерін түгел қамап тастады. Оларға сот үкімі әлі шыққан жоқ.
Ал, әлемдік MMA жұлдыздары болса жаппай Усман Нурмагомедовтің бұл әрекетін қатаң айыптауда.