Хабиб Нурмагомедов інісі Усманның төбелесінен кейін Хвича Кварацхелияға ренжіді

БАӘ полициясы төбелеске қатысқан спортшылардың бәрін да қамап тастады

Ислам Махачевтің Instagram-парақшасынан
Ислам Махачевтің Instagram-парақшасынан

UFC файтерлері Мераб Двалишвили мен Усман Нурмагомедов арасындағы төбелестің салдары жаңа деңгейге шықты. Күні кеше Мерабтың жерлесі – даңқты футболшы Хвича Кварацхелия дағыстандық спортшыны ауыр айыптаған болатын. Бүгін Усманның ағасы, UFC-дің әйгілі жұлдызы – Хабиб Нурмагомедов «ПСЖ» ойыншысына жауап қатты.

Атап айтқанда, Хабиб Instagram-да Хвича Кварацхелияның парақшасынан жазылымын алып тастады. Дегенмен, ол інісінің ерсі әрекетіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Абу-дабидегі қонақ үйлердің бірінде Усман Нурмагомедов өзінің командаластарымен бірге Мераб Двалишвилиді жабылып соққыға жыққан болатын. Грузин файтерінің досы Саба Лазишвили де жарақаттар алған.

БАӘ полициясы төбелеске қатысқан спортшылардың бәрін – Мераб пен Сабаны да қамап тастады. Оларға сот қандай үкім шығаратыны әзірге белгісіз.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам