Жапон файтері Асу Алмабаевқа тосын сынақ дайындап қойғанын мәлімдеді

Кёдзи Хоригути Асу Алмабаевпен жекпе-жек туралы пікір білдірді

UFC
UFC

Жапониялық файтер Кёдзи Хоригути UFC турнирі аясында қазақстандық Асу Алмабаевпен өтетін жекпе-жекке қатысты ойын айтты. Ол алдағы айқасқа бабында екенін және қарсыласына тосын сынақ дайындап отырғанын жеткізді.

Хоригути Манель Капеден жеңілгеннен кейін қайта оралуға бар күшін салып жатқанын атап өтті. Жапониялық спортшы қазіргі физикалық жағдайына көңілі толатынын және кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.

«Мен қазір тек алдағы жекпе-жекке назар аударып отырмын. Өзімді өте жақсы сезінемін. Мұнда келгеніме қуаныштымын. Жылдамдығым, күшім және тәжірибем жеткілікті. Сондықтан кез келген жерде жекпе-жек өткізе аламын. Менің тәжірибем мол. Сол себепті қарсыласым бұрын-соңды кездестірмеген ерекше айқас болуы мүмкін», – деді Кёдзи.

Бір қызығы, екі спортшы бұған дейін де бірге жаттығып, шамамен бес жыл бұрын спарринг өткізген. Хоригути сол жаттығулардың екеуіне де пайдасы тигенін айтты. Ал сол кезде кімнің басымдығы байқалғаны туралы сұраққа жапониялық файтер күлімсіреп: «Кім мықты болды дейсіз бе? Әрине, мен», – деп жауап берді.

Еске салайық, Асу Алмабаев пен Кёдзи Хоригути арасындағы жекпе-жек 21 қарашада Дохада өтетін UFC турнирінің аясында ұйымдастырылады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам