Жаңа подкаст! "Спарта" КВН командасының мүшесі Бауыржан Омаров қонаққа келді

Шавкат Рахмоновқа октагонға оралуға ұсыныс түсті: күні де, қарсылас та белгілі

01.04.2024, 19:59

Жекпе-жек Аустралияда өтуі мүмкін

Шавкат Рахмоновқа октагонға оралуға ұсыныс түсті: күні де, қарсылас та белгілі
LOUIS GRASSE/ZUMA/ТАСС

UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсететін аустралиялық спортшы Джек Делла Маддалена дивизионның үшінші нөмірлі өкілі қазақстандық Шавкат Рахмоновпен кездесуге дайын екенін айтты.

Джек Шавкат екеуінің айқасы 18 тамызда Аустралияның Перт қаласында UFC 305 турнирі аясында өтуі мүмкін. 

– Бейсенбі күні маған операция жасады. Күрделі жаттығуға 12 аптадан соң кірісе аламын. Сондықтан октагонға тамызда оралуды жоспарлап отырмын. Көптен бері Шавкатпен кездесуді жоспарлап жүрмін. Байқауымша, Леон мен Белал титул үшін айқасады. Сондықтан маған Шавкатпен кездесетін кез келді деп ойлаймын. Оны өз салмағында үздік деп санаймын және ол өте қиын қарсылас.

— Сеніңше, ол Аустралияға баруға дайын ба?

— Әрине. Естуімше, ол да жарақат алған, тиісінше тамызға дейін қалпына келіп үлгереді. Екеуміз бір қайықтамыз деп айтуға болады.

— Егер Шавкат келіспесе, онда кім болғанын қалайсың?

— Білмеймін, Камару Усман шығар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам