Әйелінің көзіне шөп салған әйгілі футболшылар. Жаңа шығарылым!

Британдық шолақ файтер қолының жоғына қарамастан жекпе-жекті жеңіп шықты (ВИДЕО)

09.04.2024, 15:54

Ол аралас жекпе-жекте барлығы 14 кездесу өткізген

Британдық шолақ файтер қолының жоғына қарамастан жекпе-жекті жеңіп шықты (ВИДЕО)
onefc.com

Британдық файтер Джейк Пикок муай-тай ережесі бойынша алғашқы кәсіпқой жекпе-жегін өткізіп, жапон спортшысын жеңіп шықты. Айта кететін басты жайт, Джейктің бір қолы білектен төмен жоқ.

5 сәуірде өткен One Championship промоушенінің кезекті турнирінде Джейк Пикок жапон Кохей Синдземен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жек нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан британ файтеріне берген. 

Пикоктың әкесі – «Челси» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Гэвин Пикок. Ол 1990-1993 жылдары «Ньюкасл» командасы сапында 105 матч, ал 1993-1996 жылдары лондондық "Челси" сапында 103 ойын өткізген. 

Джейк Пикоктың аралас жекпе-жектегі рекорды 13-1. Пикок 11 кездесуінде қарсыластарын нокаутпен жеңген.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам