Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Баланы жекпе-жек спортына қанша жастан беру қажет?

17.07.2024, 00:26

Кішкентайынан басына көп соққы алған баланың ойлау қабілеті төмендейді дейді спорт функционері

Аралас жекпе-жек өткізумен айналысатын «Октагон» лигасының президенті, спорт функционері Нұраддин Садықов «Бірінші бол» YouTube-каналында болған подкаст кезінде баланы жекпе-жек спорт түрлеріне ерте жастан беру мәселесіне тоқталды.

Маманның айтуынша, бокс, карате, MMA үйірмелерінде кішкентай балалардың көбеюі жақсы үрдіс емес.

«Кеңес үкіметі кезінде бұл мәселе ғылыми тұрғыда зерттелген. Сонда айтқан, жекпе-жек спорт түрлеріне бала 14-15 жастан баруы керек деп. Соның арқасында ұлттың саулығы сақталған», - дейді Н.Садықов.

Оның пікірінше, басынан көп соққы алған баланың өскенде ойлану қабілеті де нашарлайды екен.

«Ешкімнің көңіліне келмесін, бірақ ерте жастан миы көп шайқалған баланың интеллектуалдық даму мүмкіндігі тежеледі. Бала кезден бокспен айналысып, мектеп бітірген соң IT университетке түскен бала тауып беріңізші маған! Немесе сондай полиглот тауып беріңіз! Миы шайқала бергеннен кейін оның дұрыс жұмыс істемеуі – заңдылық. Сондықтан, жекпе-жек спортын елімізде жүйелеу қажет. Болашағын ойлаған билік соны жасау керек», - деді спорт маманы подкаст кезінде.

Айта кетейік, бұған дейін «Бірінші бол» YouTube-каналында аталған мәселе көтерілген болатын. Ол кезде студия қонағы болған спорт менеджері Истай Мәдиев пен журналист Аслан Қаженов ата-аналарды баласын 7 жастан бастап боксқа бермеуге шақырған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам