“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«Бұл рас па?». Шавкат Рахмонов Белал Мухамадты мазақ етті

07.09.2024, 15:28

Белал мен Шавкат арасындағы драма жалғасуда

«Бұл рас па?». Шавкат Рахмонов Белал Мухамадты мазақ етті
firstsportz.com

Шавкат Рахмонов пен Белал Мухамад арасындағы ауызша текетіріс жалғасуда.

Бұл жолы Шавкат твитті бөлісіп, Белалдан мұның қаншалықты рас екенін сұрады. Онда былай жазылған:

«Бірде-бір нокауты не нокдауны жоқ, әйелі де жоқ, сүйіктісі де, баласы да жоқ».

Сонан соң бұл жайтқа қатысты ресейлік комментатор Давид Багдасарян YouTube арнасында пікір білдірді.

«Белал мен Шавкат арасындағы драма жалғасуда. Шыны керек, Шавкат күлкілі жазбаны бөлісті. Мен оны баяғыда жариялағанмын. «Белал Шон Брэдиден бөлек ешқашан ешкімді нокаутқа түсірмеген, не еркектерді, не әйелдерді» деп жаздым.
Негізі өте күлкілі жайт», - деді Давид Багдасарян.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам