Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Шавкат талант емес, ол есек сияқты ауыр еңбектенді»: спортшының бапкері

13.09.2024, 00:13

Шавкаттың бір ғана таланты бар – ол аштық дейді бапкері

«Шавкат талант емес, ол есек сияқты ауыр еңбектенді»: спортшының бапкері
instagram

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың бапкері болған Баян Жанғалов шәкіртінің ММА-ден UFC-ге дейінгі жолы туралы «Naiza TV» ютуб-каналында айтып берді.

Жанғалов Рахмоновты Қарағандыдан Көкшетауға ауыстырып, оған жалақы төлетіп, сонан соң оны елімізде әуесқойлар арасындағы ең жас чемпион атандырған.

«Көбі Шавкатты талантты спортшы деп атайды. Ол талантты емес! Ол еңбекқор. Сіздер оның қалай жұмыс істейтінін білмейсіздер ғой… Бәлкім жүрегінің түбінде ол мені жек көретін де шығар, себебі мен оның үстіне есек секілді отырып алғанмын.

Мен оған не еркіндік, не бос уақыт берген жоқпын. Жаттығу кезінде ол толықтай бақылауда болды. Ол әлем чемпионы, нөмірі бірінші бола тұра бәрінен көп жұмыс істейтін. Мен Шавкатқа босаңсуға рұқсат жоқ екенін өзгелерге де түсіндіргім келді», - дейді жаттықтырушы.

Ол себебі бәрінен осындай сұраныс болатынын аңғартуды мақсат еттім деп отыр.

«Таланттар болады, бірақ Шавкаттың жағдайы бөлек. Өткеніне көз жүгіртіп өтіңізші. Оның бір ғана таланты бар – ол аштық, яғни ол өзі мен отбасына жақсы өмірді жұлып алуға тырысты. Оның арманы отбасының жағдайын жақсарту еді. Олардың отбасы сондай: бір-біріне өте қамқор, бірін-бірі ерекше құрметтейді, қолдайды.

Міне, осы аштық, ұмтылыс оны алға жетеледі. Ал жұрттың бәрі айтып жүрген талант – тынымсыз жаттығу және күнделікті еңбекпен келді», - деді ол.

Жанғалов 10 жылдан астам уақыт бойы әуесқой ММА-ден Қазақстан құрамасын басқарды. Ол Шавкаттың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде секундант болды. Биыл Шавкат оған көлік сыйлады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам