Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Америкалық сарапшы UFC-дегі жаңа қазақтың әлеуетіне баға берді

07.10.2024, 15:50

Дияр Нұрғожай – DWCS-де жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық

Америкалық сарапшы UFC-дегі жаңа қазақтың әлеуетіне баға берді
Видеодан кадр

Америкалық журналист Джек Макккаферри UFC-ге жақында ғана іліккен қазақстандық жартылай ауыр салмақ өкілі Дияр Нұрғожай (10-0) туралы пікір білдірді.

Нұрғожай Дана Уайттың (DWCS) Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткен үміткерлер турнирінің сегізінші маусымынан соң UFC-ге шақырту алды. Дияр поляк Бартош Шевчикті (8-3-1) екінші раундта нокаутқа жіберді.

«Дияр Нұрғожай іріктеу айқасында өте әсерлі өнер көрсетті. Ол дивизиондағы көптеген спортшыларға қиындық туғызатыны анық. Бәрі промоушендегі алғашқы жекпе-жегін қалай өткізетініне байланысты.  Меніңше, ол рейтингілік қарсыластарға тезірек қол жеткізеді. Оның әлеуеті жоғары», - деді Маккаферри.

Айта кетейік, Дияр Нұрғожай – DWCS-де жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық. Сонымен қатар ол әлемнің үздік лигасындағы алтыншы қазақ спортшысы.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам