Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Шавкат Рахмонов ТМД-дағы үздік файтерлердің есімін атады

17.10.2024, 15:37

Қазақстандық файтер өзінің үнсіз ғана жеңіске жететінін де атап өтті

Шавкат Рахмонов ТМД-дағы үздік файтерлердің есімін атады
Видеодан кадр

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Hustle Show-ға берген сұхбатында ТМД мемлекеттеріндегі ТОП-5-ке кіретін үздік файтерлердің есімін атады. Сондай-ақ қандай жауынгерлердің өнерін тамашалағанды ұнататынын айтып берді.

«Қазір көптеген жақсы жауынгерлер бар. Егер 65 кг салмақ санатынан айтатын болсақ, Илиа Топурияны атауға болады. Ол керемет қозғалады, соққылары нақты. Мовсар Евлоев те жақсы жауынгер. Оның функционалды дайындығы, тыныс алуы, жекпе-жектің қарқыны қандай екенін көрсеңіз, олардың жекпе-жегі өте қызықты болар еді. Екеуі де жас әрі мықты спортшылар. Бұл маған қызықты болар еді. 70 килограмм салмақта жас жауынгерлер көп емес, ол жақта негізінен тәжірибелі спортшылар. Ал 77 килограмм салмақта жаңа буын келіп жатыр. Мысалы, Джек Делла Маддалена, Иэн Гэрри. Бұл салмақта көптеген жақсы үміткерлер бар», – деді Шавкат Рахмонов.

Ол өзі мықты деп есептейтін жекпе-жек шеберлерінің есімін атап өтті.

«Ислам Махачев қазір нөмір бірінші. Содан кейін Мовсар немесе Умар Нурмагомедов, екеуі де мықты. Үшінші – Хамзат Чимаев, деп ойлаймын. Төртінші – Петр Ян. Бесінші орынға, бәлкім, Арман Царукянды қояр едім», – деді Шавкат Рахманов.

Ал қазақстандық файтер өзінің нешінші орында тұрғанына қатысты пікір білдірді.

«Шынымды айтсам, білмеймін. Ештеңе айта алмаймын. Жай ғана үнсіз жеңемін, болды», – деп жауап берді Шавкат Рахмонов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам