Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

UFC ардагері Шавкат Рахмоновтың шешімін сынады

06.11.2024, 15:02

Ол Шавкат Рахмоновтың уақытша белбеу үшін төбелесуіне қарсы шықты

UFC ардагері Шавкат Рахмоновтың шешімін сынады
sports.kz

UFC ардагері америкалық Мэтт Браун қазақстандық Шавкат Рахмоновтың уақытша белбеу үшін төбелесу туралы ұмтылысына қатысты пікір білдірді. Дивизион чемпионы Белал Мухаммад жарақатына байланысты айқастан бас тартқан соң Рахмонов тағы бір америкалық Камару Усманмен айқасуға дайын екенін айтқан. 

Рахмонов пен Мухаммад арасындағы жекпе-жек 7 желтоқсанда UFC 310 турнирі аясында өтуі керек еді, алайда Белал аяғына операция жасатып, кездесу өтпейтін болды. Енді матчмейкерлер қарсылас іздеп жатыр.

Браун Рахмонов пен Усман арасындағы айқасты көргісі келетінін, алайда уақытша чемпиондық атаққа таласудың маңызы жоқтығын алға тартты.

«Бәрі мұның титул еместігін жақсы біледі. Бірақ Белалда әлгі сайтан алғыр титул бар және ол жақында оралады. Ол жеңімпазбен төбелеседі. Бұл титулға үміткерлер матчы. 
Керемет айқас болар еді, өз басым тамашалауға асықпын. Шавкат пен Усманның және шынайы чемпиондық атақ сарапқа салынатын Шавкат пен Белалдың жекпе-жегін көргім келеді», - деді ол.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам