Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«UFС маған хабарлассын»: Камару Усман әлемді таң қалдыратынын айтты

07.11.2024, 21:12

Ол Шавкат Рахмоновпен желтоқсанда төбелесуі мүмкін

«UFС маған хабарлассын»: Камару Усман әлемді таң қалдыратынын айтты
Getty Images

Америкалық аралас жекпе-жек шебері Камару Усман қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен төбелесуге дайын екендігін айтты.

Бұрынғы чемпион өзінің подкасында UFC 310 турниріне қатысты пікір білдірді.

«UFC аз ғана уақытта октагонға шыға алатын, шынымен мықты, шынымен мінезді және әлемді таңғалдыратын ессіз адамға хабарласуы керек.

Әрине, UFC мұндайда кімге хабарласу керектігін жақсы біледі! Егер маған қоңырау шалса, мен телефонды көтеремін де тез арада бірер мәселені шешіп тастаймыз. Уақытты созбайық», - деді Усман.

Шавкат Рахмонов спорт журналисі Ариэль Хельваниге берген сұхбатында UFC 310 аясында өзімен айқасқа басты үміткер ретінде дәл осы Усманды атаған. Өйткені желтоқсанға жоспарланған Белал Мухаммадпен жекпе-жек кейінге шегерілді. Жерлесіміз уақытша атаққа таласуға дайын. Оның промоутері Саят Әбдірахманов та UFС-дің Камарумен келіссөздер жүргізіп жатқанын растады. Енді Дана Уайттың ресми мәлімдемесін күту ғана қалған тәрізді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам