ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

«Тоқал» алдым деп мақтанған «Қазақ терминаторы» Вудлиді жекпе-жекке шақырды

21.11.2024, 11:16

Мұратбек Қасымбай келесі жекпе-жегін кәсіпқой бокс ережесі бойынша өткізеді

«Тоқал» алдым деп мақтанған «Қазақ терминаторы» Вудлиді жекпе-жекке шақырды
vesti.kz

Еліміздегі танымал файтерлердің бірі Мұратбек Қасымбай жартылай орта салмақтағы UFC лигасының бұрынғы чемпионы, америкалық Тайрон Вудлимен жекпе-жек қызықтыратынын айтты.

«Шынымды айтсам, мен қазақтармен төбелескім келмейді. Карьерамды бастағалы орыстармен жекпе-жекке көп шықтым. Олардан да шаршадым. Маған кішкене экзотика керек. Басқа елдің спортшыларын көргім келеді. Мысалы Тайрон Вудлимен жолықсам қызық болар еді. Тіпті, бокс қолғабын киіп, бокстауға да дайынмын. Тайрон Вудли - еркін агент, мен онымен жұдырықтасуды қалаймын», - деді Қасымбай MMA Bulletin басылымына берген сұхбатында.

Мұратбек Қасымбай келесі жекпе-жегін кәсіпқой бокс ережесі бойынша өткізеді. Ол 27 желтоқсанда Алматыда «Парсылық Дағыстан» лақап атымен аты шыққан атышулы ирандық Мұхаммед Хейбатимен жұдырықтасады.

Еске салсақ, Мұратбек Қасымбай биыл «тоқал алдым» деп елден сүйінші сұраған еді. Бұған дейін ережесіз жекпе-жек шеберлерінен тоқал алғанын ашық мойындаған Жалғас Жұмағұлов болатын. 2021 жылы ол екі әйелінен 6 баласы бар екенін жеткізген.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам