Гриффин қазақстандық спортшы басымдық танытады деп отыр
UFC-дегі орта салмақ өкілі америкалық Макс Гриффин 8 желтоқсанда Лас-Вегаста өтетін Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрридің айқасында жеңіс кімге бұйыратынын болжады.
Гриффин қазақстандық спортшы басымдық танытады деген пікірде.
«Шавкат жеңеді деп ойлаймын. Маған Иэн Гэрри ұнамайды. Шавкат басымдық танытуы тиіс. Джефф Нилмен жекпе-жекте қатардағы спортшы ретінде көрінсе де, Шавкаттың әлеуеті жақсы. Иэн де жаман емес, бірақ оның төбелесі мүлде ұнамайды», - деді ол Middle Easy-ге берген сұхбатында.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов — Иэн Гэрри айқасы UFC 310 турнирінде басты жекпе-жекке теңестірілген. Сонымен қатар сол күні шоу кардында Макс Гриффиннің өзі де октагонға шығып, Майкл Кьезамен өзара кім мықтыны анықтайды.
Біздің серіктес: FONBET