Екеуі келер жылы чемпиондық титулды сарапқа салуы тиіс
UFC-ден орта салмақта әлем чемпионы Белал Мухаммад (24-3) Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри жекпе-жегін залда тамашалап, аяқталған соң октагонға өзі шықты.
Айта кетейік, бүгін UFC кешінде дәл осы Белал Мухаммад қазақ файтерімен төбелесуі тиіс болған. Алайда, жарақат алғанын айтқан ол жекпе-жекті кейінге шегерген еді.
«Жарақат алып қалмай дұрыстап дайындалсын, кімнің мықты екенін көрейік», - деді Шавкат Рахмонов Иэн Гэрриді жеңгеннен кейін.
Еске салайық, қазақ файтері өз мансабында алғаш рет жекпе-жекті аяғына дейін өткізді. Бұған дейінгі 18 кездесуінің бәрін ол мерзімінен бұрын аяқтаса, 19-шы жекпе-жек бес раундқа жалғасты.