Уайт нокауттың болмауының себебін түсіндірді
UFC басшысы Дана Уайт қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иэн Гэрри арасындағы айқас туралы пікір білдірді.
Уайт нокауттың болмауының себебін түсіндірді.
«Білесіздер ме, кейде мұндай айқастар да болып тұрады. Мысал ретінде Лэндвер мен Чой арасындағы жекпе-жекті алайық. Қағаз бойынша екеуі октагонға шыға салып бір-бірін соққылауы керек болатын. Алайда кейде бәрі біз күткендей бола бермейді. 15-0 мен 18-0-дің айқасы дегеніміз, октагонға екі керемет жауынгер шықты дегенді аңғартады, оның үстіне титулдық жекпе-жек талас сарапқа салынып отыр. Екі жігіттен де керемет сәттерді көрдік. Әрине, нокаут болған жоқ, бірақ Құдайға бес раунд болғаны үшін алғыс айтамын. Бес раунд жекпе-жектің көркін қыздырды», - деді Дана Уайт.