Жаңажылдық шығарылым! Ерсін Ерік, Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын, Уәлихан Қосанбай, Эльдар Аманбаев

Шавкат Рахмоновтың алдағы жекпе-жегіне қатысты сарапшы жағымсыз болжам жасады

20.12.2024, 01:45

Қазақ файтері соңғы жекпе-жегінде жеңіліп қала жаздаған болатын

Шавкат Рахмоновтың алдағы жекпе-жегіне қатысты сарапшы жағымсыз болжам жасады
Getty Images

TheWeasle Youtube-каналы UFC-дің жартылай орта салмақтағы файтері Шавкат Рахмоновты (19-0) америкалық Белал Мухаммадтан (24-3) жеңіледі деп санайды.

Айта кетейік, қос файтер биыл 7 желтоқсанда чемпиондық титул үшін төбелесуі керек еді. Алайда, аяғына жара шыққанын айтқан Белал жекпе-жекті кейінге қалдырды.

«Белалдың Шавкатпен өткізетін жекпе-жекте басымдығы болады. Оның жылдамдығы мен күші қарсыласына қарағанда мығым. Шавкат Иэн Гарримен болған жекпе-жекте сәл болмағанда жеңіліп жаздады. Қазақстандық файтер жаттығу жиынында Белалмен шығамын деп күреске дайындалған болар. Егер Гэрридің орнында қылқындырған сәтте Белал немесе Брэди, тіпті Бернс болғанда Шавкаттың жағдайы әлдеқайда қиын болар еді. Белалды жеңу үшін Рахмоновқа жалғыз соққысы жеткілікті бола ма? Шавкаттың тейкдауны қаншалықты жақсы?», - деп жазды канал авторы.

Айта кетейік, қазақ файтері 7 желтоқсанда ирландиялық файтер Иэн Гэрриді ұпай санымен жеңген. Отандасымыз мансабында алғаш рет жекпе-жекте соңына дейін ойнап шықты. Бұған дейінгі 18 кездесуінің бәрін ол мерзімінен бұрын аяқтаған. Иэн Гэрри болса мансабында алғаш рет жеңілді. 

Енді Шавкат Рахмоновқа америкалық Белал Мухаммадпен чемпиондық жекпе-жек өткізуі тиіс.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам