Мұнда ол бірнеше апта болады
Қазақстандық аралас жекпе-жек өкілі Асу Алмабаев (21-2) UFC лигасындағы кезекті жекпе-жегіне дайындалу үшін Таиландқа аттанды. Мұнда ол тәжірибелі файтерлермен жаттығу істейді деп күтілуде.
Бұл туралы ақпарат Dar Team Kazakhstan командасының парақшасында жариялады.
«Біздің командамыздың жауынгерлері Асу Алмабаев пен Ермахан Орынтаев және құрамамыздың бас бапкері Едуард Базровтар Таиланд еліне алдағы өтетін жекпе-жекке дайындалу үшін оқу-жаттығу жиынына сапарға шықты», - деп жазылған аталған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Асу Алмабаев 1 наурызда Лас-Вегастағы UFC Vegas 103 турнирінде аустралиялық Стив Эрцегпен (12-3) төбелеседі. Тәжірибелі файтер бұған дейін чемпиондық титулға үміткер болған.