Белал Мұхаммед пен Рахмонов чемпиондық белбеуді сарапқа салады
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың жаттықтырушыларының бірі Эдуарт Базров Белал Мұхаммедпен арадағы жекпе-жектің 15 мамырда өтеді деген болжамын растады.
Dar Team командасының бапкері Эдуард Базров Tengri Sport-қа берген сұхбатында аталған жағдай туралы егжей-тегжейлі айтып өтті.
«Біз жекпе-жек мамырда өтеді деп жоспарлап отырмыз. Алдын ала ақпарат бойынша солай айқас өтетін күнді менеджерлер өзара талқылап, нақтыламақ. Біздің тараптан Саят Абдрахманов, ал олардың тарапынан Әли Абдель-Азиз келіседі. Егер екі жақ келісімге келсе, онда UFC-ге ресми сұрау жібереміз деген ойдамыз. Бұл көптен күткен жекпе-жек болар еді. Мамырдың 15-і жекпе-жек өткізуге ыңғайлы уақыт деп санаймын. Біз сол уақытқа дайындық жұмыстарын жүргіземіз», - деді Эдуарт Базров.
Белал Мұхаммед шілде айында Леон Эдвардсты жеңіп, чемпиондық белбеуді иеленген еді. Алайда ол әлі бұл титулын қайта қорғаған жоқ. Желтоқсанда өтетін UFC 310 турнирінің басты жекпе-жегі Белалдың жарақатына байланысты кейінге шегерілді. Ал Шавкат сол кеште алғаш рет төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, Иан Гэрриден басым түсіп, 1 млн доллардан аса табыс тапты.