Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жалғас Жұмағұлов UFC-ге оралуы мүмкін

17.01.2025, 00:04

Соңғы рет ол былтыр қарашада октагонға шығып, жеңіске жеткен еді

Жалғас Жұмағұлов UFC-ге оралуы мүмкін
instagram.com/zhumagulov_zhalgas/

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Аустралияда өтетін UFC 312 турниріне қатысуы мүмкін.

8 ақпанда өтетін Сиднейдегі турнирде жапониялық Рэй Цуруя (10-0) мен аустралиялық Стюарт Николл (8-1) айқасы өтуі керек болған. Алайда, Николл жарақат алуына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Жалғас болса аустралиялықтың орнына өзі шығуға дайын екенін айтып, UFC-ге ұсыныспен шықты.

Жалғас Жұмағұлов аустралиялықтың орнын басып, жапониялықпен төбелесуге дайын екенін X әлеуметтік желісінде жазған. Енді UFC басшылығы Цуруяны кардта сақтап қалу-қалмау жағын қарастырып жатыр.

«Спорт Шредингера» телеграм-каналыынң жазуынша, Жалғас Жұмағұлов UFC-дің резервіндегі файтерлер қатарында бар. Яғни, Дана Уайт оны кез келген уақытта октагонға шақырып қалуы мүмкін. Бұл жолы қазақ спортшысына мүмкіндік бере ме, жоқ па – ол жағы әзірге белгісіз.

Жалғас соңғы жекпе-жегін былтыр Словакияда өткізіп, уэльстік файтер Аарон Абиді жеңді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам