
Нурмагомедов кәсіпқой ММА-де алғаш рет жеңіліс тапқан еді
Умар Нурмагомедовтің Мераб Двалишвилимен чемпиондық айқасының нәтижесі басқаша болуы да мүмкін еді. Себебі ресейлік спортшы қолын сындырып алғанын бапкерлеріне айтпаған.
Умардың жарақатын жасырғаны туралы оның бапкері Хавьер Мендес хабарлады. Оның сөзінше, шәкірті Хабиб екеуіне болған жайт туралы айтса, жекпе-жектің қалған бөлігіне жоспарды өзгертуші едік деп отыр.
«Арақашықтықты сақтап, аяқпен соққы жасауға көбірек мән беруші едік.
Оның орнына Нурмагомедов жақын қашықтықта төбелесіп, басын төмен түсіріп алды», - деді ол Submission Radio-ға берген сұхбатында.
Айта кетейік, UFC 311 турнирінде Двалишвили атағын сәтті қорғаса, Нурмагомедов кәсіпқой ММА-де алғаш рет жеңіліс тапты.