ММА-ден жарыстар екі стиль бойынша өтеді
ММА 2026 жылы Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтетін ХХ Азия ойындарының бағдарламасына енді. Бұл туралы Азияның олимпиадалық кеңесі мәлімдеп, ойындарға қатысушы елдерге хабарлады.
ММА-ден жарыстар екі стиль бойынша өтеді – заманауи және дәстүрлі. Өзара мына салмақ дәрежелеріне бөлінеді:
Ерлер:
Заманауи стиль: 60 кг және 71 кг
Дәстүрлі стиль: 65 кг және 77 кг
Әйелдер:
Заманауи стиль: 54 кг
Дәстүрлі стиль: 60 кг
Дәстүрлі стильде спортшылар арнайы жилеттер мен шолақ шалбар киіп шығады, ал заманауи стиль өкілдері рашгард пен шолақ шалбар киеді.