ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Әлемдік жарыстарға күрестірмей қойған соң Абдулрашид Садулаев ММА-ге ауыспақшы

02.11.2025, 12:37

UFC және ММА шебері Йоэль Ромеро Мәскеуге келді

Әлемдік жарыстарға күрестірмей қойған соң Абдулрашид Садулаев ММА-ге ауыспақшы
Әлеуметтік желі

Еркін күрестен Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, UFC және ММА шебері Йоэль Ромеро Мәскеуге келді. Ол Ресейге келген сапарында еркін күрестің танымал өкілі Абдулрашид Садулаевпен кездесті. 

Алдын ала болжам бойынша Ромеро бұл сапарында бірқатар кездесулер өткізіп, Дағыстанға баруы мүмкін. Кейбір ақпарат көздерінің расталмаған дерегі бойынша ол Садулаевқа аралас жекпе-жекке бет бұру туралы ұсынысын айтуға келген. 

Бұл туралы Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Садулаев желіде жазба жариялап, кубалық мәртебелі мейманды өз жерінен көргеніне қуанышты екенін атап, әсерін бөлісті. 

Йоэль Ромеро ширек ғасыр бұрын еркін күрестің танымал өкілі ретінде әлемге белгілі болған спортшы. Ол 1999 жылы әлем чемпионы атанып, Сидней Олимпиадасында 85 келіде күміс жүлдеге ие болды. Кейін бостандық аралының өкілі аралас жекпе-жекке ойысып, тартысты жекпе-жектермен жанкүйерлердің сүйіспеншілігіне бөленді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам