Қайрат Копенгагеннен жеңілмейді. Тоттенхэм бейшара халде. Бавария мен Реал тегін 3 ұпайын алады

Ислам ойындары аяқталды: Қазақстан небәрі 7-ші орынға тұрақтады

Бүгін, 11:02

Өзбекстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға жайғаксқан

Ислам ойындары аяқталды: Қазақстан небәрі 7-ші орынға тұрақтады
Нұрғали Жұмағазы

Қазақстан спортшылары Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастық ойындары-2025 жарысын аяқтады.

Жалпыкомандалық есепте біздің елдің спортшылары 56 медальмен жетінші орынға жайғасты. Қоржында 15 алтын, 20 күміс және 21 қола медаль бар.

Ал, бірінші орынды Түркия командасы иеленіп отыр. Олар барлығы 155 медаль (72 алтын, 44 күміс, 39 қола) иеленсе, екінші орында – Өзбекстан (96 медаль: 29-35-32). Үздік үштікті Иран спортшылары қорытындылады (29-19-33).

Сонымен қатар, Сауд Арабиясы (18-12-27), Египет (17-11-17) және Бахрейн (16-11-7) командалары да Қазақстанды басып озып, жалпыкомандалық есепте үздіктер қатарына енді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам